Қорғаныс министрлігі: Қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі

Жамбыл облысында оқ-дәрі қоймаларындағы жарылыста қаза тапқандардың отбасына қажетті көмек көрсетіледі.

Алматы, NEGE. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин және Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге қаза тапқандардың отбасыларына барып, көңіл айтты және қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді.

«Қорғаныс ведомствосы басшысының тапсырмасы бойынша Жамбыл облысына қаза тапқандардың отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету және өтемақы төлеу мәселелерін шешу мақсатында Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов келді», делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді