Қорғаныс министрі Қазақстан әскерінің Белорусьтегі оқу-жаттығуларға жіберілу себебін түсіндірді

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қазақстандық әскери қызметкерлердің Беларусьте Украина шекарасына жақын жерде жүргені туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Алматы, NEGE. Министрдің айтуынша, Беларусь – ҰҚШҰ-ға мүше бейбіт мемлекет. Тиісінше, өтетін орын туралы шешім алдын ала қабылданады.

"Ғаламторда Қазақстан бронетранспортер жіберді деген ақпараттар жалған. Бүгінде барлық техника тұрақты орналастыру пункттерінде. Ол жерге 11 адамнан тұратын жедел топ жіберілді. Осыған сәйкес, біз онымен жұмыс істейтін боламыз", - деді министр Үкімет кулуарында.

Бұған дейін қазақстандық әскерилердің ҰҚШҰ бірлескен жедел-стратегиялық оқу-жаттығуына қатысу үшін Беларуське келгені хабарланған болатын.

Қыркүйектің 1-6 аралығында Беларусьте «Жауынгерлік бауырластық-2023» бірлескен жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы өтеді. Ашылу салтанаты Брест батыр бекінісінде өтеді.