Қорғаныс министрінің орынбасары мен Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қорғаныс министрлігі

Астана, NEGE. Мемлекет басшысының өкімдерімен:

– Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

– Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.