Қорғаныс министрлігінің кейбір бұйрықтары өзгереді

Ақпарат Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды

Қорғаныс министрлігі

Алматы, NEGE. Қорғаныс министрінің әскери қызмет өткеру мәселелерін реттейтін бұйрықтарына құқықтық мониторинг жүргізу барысында іс жүзінде қолданылмайтын нормалар анықталған.

Қарулы күштерге ауысатын құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлерін қайта аттестаттау үшін әскери оқу орындарында базалық курстардан өту қажеттілігін көздейтін норма бар.

«Мұндай жағдайлардың шамалы санына, орын ауыстыру мерзімдерінің белгісіздігіне және белгілі бір бейіндегі мамандардың сұранысына байланысты курстардан өтпей-ақ қайта аттестаттау жүргізу ұсынылады. Осыған байланысты бұйрық жобасында тәжірибеде қолданылмайтын норма алып тастауға жатады»,-делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

«Ашық НҚА» порталында жарияланған құжаттың жобасы 5 желтоқсанға дейін талқылауда болады.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады