Қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрлігі 10-30 сәуір аралығында дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері түске дейін Астана қаласының «Индустриялық қалашық» аумағында әскери техниканың қатысуымен жаттығу өтетінін мәлімдеді.

Қорғаныс министрлігі

Алматы, NEGE. Бұл іс-шаралар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шерудің дайындығына арналған. Осыған байланысты Ақжол, Қарашығанақ, Бұйрат көшелері уақытша жабылады. 

Фото: Қорғаныс министрлігі

Министрлік жолға шығарда өзгерістерді ескере отырып, бағдарларды алдын ала жоспарлауды ұсынады. Сонымен бірге жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауды және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің нұсқауларын орындауды сұрайды.

Жаттығу аяқталған соң қозғалыс қалпына келтіріледі.

Қазір оқып жатыр

Бишімбаев пен Мәсімов жаңа рақымшылыққа іліге ме?

Ұлттық қауіпсіздік қызметі «мұнай магнаты» Фрэнк Монстрейге іздеу жариялады

Енді «автодозвонның» орнына SMS-хабарлама жіберіледі: ережеге өзгеріс енгізілмек

Демалыс күндері ел аумағында қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді, үсік жүреді