9 мая 2025 г. 10:34

Қорғаныс министрлігі маңызды мәлімдеме жасады

Фото: Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі
Іс-шара 14 мамырда аяқталады деп жоспарланып отыр.

Алматы, NEGE. Астанада 8 мамырда Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысқан жеке құрам мен әскери техниканы тұрақты орналасқан жеріне әкету іс-шарасы басталды.

Әскери техника теміржол көлігімен де, өзін жүргізу арқылы да тасымалданады. Іс-шара 14 мамырда аяқталады деп жоспарланып отыр.

«Қорғаныс министрлігі әскери техниканың қозғалысына байланысты азаматтарды жалған ақпарат таратудан аулақ болуға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады», — деп жазылған хабарламада.