Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен алынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дәурен Қосановты қорғаныс министрі қызметінен босатты.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі лауазымынан босатылды», – делінген ресми хабарламада.

Дәурен Қосанов министр болып 2025 жылғы 8 маусымда тағайындалған. Оған дейін министрдің орынбасары – Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметін атқарған.

Қосанов Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиғадан кейін қызметінен босатылды. 24 қыркүйекте Каспий теңізінде өткен әскери оқу-жаттығу кезінде 17 әскери қызметшіні теңізге алып кеткен. Олардың 14-і қаза тауып, үшеуі құтқарылды.

Оқиғаға байланысты қызметке салғырт қарау және кеме жүргізу қағидаларын бұзу баптары бойынша тергеу жүріп жатыр. Қорғаныс министрлігі жүйесіндегі бес лауазымды тұлға күдікті ретінде ұсталды.