Кореяда вирус өршіп тұр

Оңтүстік Кореяда дүйсенбі күні алтыншы күн қатарынан тәуліктік коронавирус жұқтыру жағдайы 2000-нан асты, деп хабарлайды YONHAP.

Алматы, NEGE. Кореяның ауруларды бақылау және алдын алу агенттігінің (KDCA) мәліметтері бойынша, елде COVID-19 жұқтырудың 2006 жаңа жағдайы тіркелген, оның ішінде 1986-сы жергілікті жерден анықталған жағдай. Елде ауруға шалдығушылардың жалпы саны 397 466-ға дейін артты.

7 шілдеден бастап күн сайынғы ауру жұқтырушылар саны төрт таңбалы санды құраған болатын. 25 қыркүйекте тәуліктік жағдай рекордты көрсеткішке 3270-ке жетті. Елде 12 өлім жағдайы тіркелген. Вирустан көз жұмғандардың жалпы саны 3115 адамға жетті.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды