Кореяда төбелес шығарған 19 қазақстандық ұсталды

Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында 19 қазақстандық ұсталды. Бұл мәліметті Сыртқы істер министрлігі растады.

Алматы, NEGE. "18 сәуірде Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында елде заңсыз жүрген Қазақстанның 19 азаматы төбелес шығарды. Оқиға орнына барған полицейлер 19 қазақстандықты ұстады", - деді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров. Смадияров Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігі оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын айтты.

"Біздің дипломаттар бұл мәселені бақылауда ұстап отыр, жергілікті полиция мен көші-қон қызметімен байланыста", - деді Смадияров.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды