Оңтүстік Кореяда Хэллоуиндегі оқиғаға байланысты тергеу басталды

Оңтүстік Корея билігі Хэллоуин мерекесінде болған қайғылы оқиғаға қатысты тергеу ісін бастады.

Алматы, NEGE. Ел премьер-министрі Хан Дак Су жіті тексеріс жүргізілетініне уәде берді. Куәгерлер болған жайтқа полицияны айыптап отыр. Қазір оқиға орыны қоршауға алынды. Ал жақын маңдағы дүкендер мен қоғамдық тамақтану орындары жабық тұр.

Тұрғындар қыспақта мерт болғандардың құрметіне гүл шоқтарын әкеліп жатыр. Қайғылы оқиғаға қатысты елде  қарашаның 5-іне дейін Ұлттық аза тұту күні жарияланды. Мемлекеттік ту төмен түсірілді. Айта кетейік, қазанның 29-ында Сеулде Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде 154 адам мерт болды.

Олардың 26-сы шетелдік. Арасында Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Австралия, Норвегия, Шри-Ланка, Иран және Қытай азаматтары бар.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті