Кореяда антирекорд тіркелді

Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді.

Алматы, NEGE. Оңтүстік Кореяда коронавирус індеті өршіп тұр. Бір тәулікте тіркелген науқастардың саны 1078-ге жетіп антирекорд тіркелді. Олардың басым бөлігі 51 млн халқы бар Сеул аймағының тұрғындары. Инфекциядан қаза тапқандардың қатары да артып барады. Қазір ауруханаларда 226 науқас хәл үстінде жатыр. Жергілікті биліктің қолға алған шаралары әзірге нәтижесіз. Көптеген өндіріс орындары мен компаниялардың қызметкерлері қашықтан жұмыс істеуге көшіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Әлемдегі жанармай дағдарысы: Қазақстан рейстерді қысқарта ма?

Министрлік Aitu қосымшасына қатысты «накруткаға» бақылау жасамайды

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі

Қазақстан Германияға мұнай жеткізу бағытын өзгертті