Кореяда алғаш рет қазақ киносының апталығы өтіп жатыр
Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында алғаш рет қазақ киносының апталығы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Хабар-24.
Алматы, NEGE. Жергілікті көрермендерге 2013-2021 жылдар аралығында түсірілген 8 фильм көрсетіледі.
Олардың барлығы Азиядағы ең ірі Пусан халықаралық кинофестиваліне қатысты. Бұл «От», «Қызыл анар», «Сары мысық», «Қап-қара адам», «Барымташылар», «Тренинг личностного роста», «Жаңғақ ағашы» және «Ер Төстік пен Айдаһар» сияқты таспалар. Көрме Қазақстан мен Корея арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына, сондай-ақ Пусандағы Бас консулдықтың ашылуына орайластырылды.
Шараны жергілікті әкімдік, Пусан халықаралық ынтымақтастық қоры және Сеулдегі елшіміз ұйымдастырды. Фестивальді Айжан Қасымбектің 2020 жылы түсірілген «От» фильмі ашты. Саундтрегін оңтүстік кореялық композитор Чой Джон Хо жазған. Қазақ киносын тамашалаған көрермендер өз әсерімен бөлісті.