Корея барлаушы жерсерік ұшырды

Оңтүстік Корея америкалық SpaceX компаниясының көмегімен орбитаға барлаушы жерсерігін ұшырды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Алматы, NEGE. АҚШ-тың Калифорния штатындағы әскери базадан көкке көтерілген тыңшы аппарат 600 шақырымдай қашықтықта ұшып жүреді. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол Жердегі көлемі 30 сантиметрлік затты бақылай алады. Негізі бұл құрал Солтүстік Корея аумағын барлау үшін жіберілді. Жалпы Оңтүстік Корея 2025 жылдың соңына дейін тағы осындай 4 барлаушы жерсерігін ұшыруды жоспарлап отыр.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті