Корея Республикасының жаңа Президенті Ли Чжэ Мёң Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Кореяға шақырды

Мемлекет басшысы Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёңмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында президенттер сан қырлы қазақ-корей ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады. 

Ақорда

Алматы, NEGE. Мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстардың барлық бағыты бойынша егжей-тегжейлі пікір алмасты. Сондай-ақ сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты жандандыруға ниет білдірді.

Тараптар өнеркәсіп, энергетика, машина жасау, білім беру және медицина салаларында қолға алынған әрі перспективті жобаларды тиімді жүзеге асырудың маңызын атап өтті. Ли Чжэ Мёң Қазақстан Президентін Корея Республикасына ресми сапармен келуге шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея басшысының шақыруын ризашылықпен қабыл алып, келесі жылы Сеулде өтетін «Орталық Азия – Корея Республикасы» форматындағы саммитке қатысатынын мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысы аумағына дрон құлады

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ

Алимент төлеуден жалтарғандарға көмектесетін компаниялар тексеріске ілігеді

Мәжіліс Президент пен Құрылтай туралы заң жобаларын жұмысқа қабылдады