Қордай ауданының әкімдігі 700 млн теңгені негізсіз жұмсамақ болған

Қордай ауданының әкімдігі 700 миллион теңгені негізсіз жұмсамақ болған, деп хабарлайды 24kz.

24kz

Алматы, NEGE. Әкімдік қажетсіз болса да, 15 ауылдың сантехникалық люктерін ауыстыруға 67 миллион теңге бөлген.

Үйлердің құрылысы басталмаған жаңа шағын ауданға, саябақ салу үшін мердігерге 100 миллион теңге аудару туралы шешім шығарған. Сонымен қатар бірқатар коммуналдық мекеменің техникасын жаңартамыз деген желеумен 189 миллион теңге жұмсауды жоспарлаған.

Бюджет қаржысын негізсіз бөлу дерегін аудан прокурорлары анықтады.

Жергілікті атқарушы орган қажетті растайтын құжаттарсыз және негіздемесіз бюджеттің шығыс бөлігінде 700 миллион теңгеден астам қаражатты енгізгені анықталды.

Заң бұзушылықтарға жол бергені үшін 6 лауазымды тұлға ескерту және сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершікке тартылды.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты