«Қордайдан құбыжық табылды»
Интернетте «Қордайдағы құбыжық» атты видео белсенді тарап жатыр.
Алматы, NEGE. Видеоны әлеуметтік желідегі танымал топтар жариялады. Кадрлардан басы итке, денесі адамға ұқсайтын белгісіз тіршілік иесі байқалады. Ол жолда қанжоса болып жатқан.
«Жігіттер, мына бәлені қараңдар. Ит екен деп қағып кеткенбіз. Қордай асуында қағып кеттік. Түсіп, барып қарайық десек, аяқ-қолы бар, бойы ұзын. Шок болып жатырмыз», – дейді видеодағы ер адам.
Анықталғандай, видео монтаждалған. Бұл видео Қордайда түсірілмеген. Видеоның түпнұсқасы португал тілінде жарияланған. Желіде тарап кеткен видео бразилиялық топ жасаған контенттің бөлігі ғана: сценарий бойынша, бір топ адам қауіпті жануарға кезігеді екен.
Мифологиялық құбыжық қуыршақты арнайы эффекттер бойынша маман Джозеф-Роф Кобаски 2020 жылы АҚШ-та қолдан жасап шығарған.