Қордайдағы шығын көлемі анықталды

Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғадан шамамен 1 миллиард 700 миллион теңге шығын келген. Бұл жайында 24.kz жаңалықтар қызметі хабарлады.

Алматы, NEGE. «Сарапшылар үш күн бойы мүліктерді санап, зерттеп, зерделеп осындай қорытынды шығарды. Енді бұл материалдық шығын заңға сәйкес төленеді.

Бірақ ол үшін тұрғындардың құжаттары түгел болуы керек. Бұл бағытта мобильді халыққа қызмет көрсету орталықтары жергілікті жерде жұмыс істей бастады», дейді 24.kz. 

Кеше Сортөбе ауылындағы брифингте облыстың экс-әкімі Асқар Мырзахметов «36 тұрғын үй мен 11 коммерциялық нысан және 44 автокөлік өртенген» деген-ді. 

Қазір оқып жатыр

Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады