Қордайда отандық вакцина шығаратын зауыттың құрылысы аяқталды

Қордайдағы вакцина шығаратын зауыттың құрылысы аяқталып, дайын өнімді құюға толық дайын.

Алматы, NEGE.  Бұл жайында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Президентке берген есебінде айтып өтті. Оның сөзіне сенсек, облыстағы вакцина алуға тиісті тұрғындардың 72,5 пайызы екпе салдырған. Сонымен қатар Президентке вакцина шығаратын зауыттың дайын өнімді құюға толық әзір екені айтылды. Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр.

Зауыт пен Биологиялық қауіпсіздік проблемалары жөніндегі ғылыми зерттеу институтының қызметкерлеріне арналған үйлер мен акт залы бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жалғасып жатыр. Әңгіме соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысының әкімі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты

Түркістанда оқушылар мен студенттер қашықтан оқуға жіберілді

Режеп Тайип Ердоған «Қожа Ахмет Ясауи» орденінің тұңғыш иегері атанды

Қазақстанда АПВ-ға қарсы вакцинаны енді 18 жасқа дейінгі қыздар да тегін салдыра алады