Қордайда қамалғандардың жағдайы не болады?

Қордай ауданындағы оқиға байланысты 25-тен астам қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов хабарлады.

Алматы, NEGE. «Қылмыстық істерді тергеуге тоқталсақ, қазіргі уақытта Жамбыл облысы Полиция департаментінің аумақтық бөлімшелері 25-тен астам қылмыстық іс қозғады. Осы тұрғыда жаппай тәртіпсіздік, жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру мен оған қатысу бабы қамтылған. Содан кейін жаппай тәртіпсіздікке қатысуға үндеу жасау бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алтыдан астам іс бұзақылық фактілеріне қатысты қозғалды. Үш қылмыстық іс бөтеннің мүлкін зақымдау бойынша, 10 іс кісі өлтіру фактісіне, сондай-ақ екі іс адам өміріне қастандық жасауға қатысты қозғалды», – деді Әділов.

Қазір оқып жатыр

Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады