Қордай қақтығысы: Комиссияны кім басқарады?

Қордайдағы оқиғаға байланысты құрылған үкіметтік комиссияға жетекшілік жасаған Бердібек Сапарбаев кеше Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды. Комиссияны енді кім басқарады?

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Жамбыл облысының Қордай ауданында болған оқиғаға байланысты құрылған комиссияны басқарамын. Бұдан әрі де осы бағытта жұмыс істей беремін» деді Б.Сапарбаев.

Коронавирусқа қатысты комиссияны үкіметтің басқа мүшесі басқарады. Бұған қатысты Сапарбаев былай деді: «Мемлекет басшысы мені әкім етіп тағайындау туралы шешім қабылдады. Тапсырманы орындауға міндеттімін. Бұрын министр едім, енді әкіммін. Мемлекет басшысының тапсырмасын тездетіп орындауға басымдық береміз».

Қазір оқып жатыр

Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады