Қордай ауданында төтенше жағдай режимі жарияланады

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың шешімімен Қордай ауданында төтенше жағдай режимі жарияланады.

Алматы, NEGE. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңына сәйкес, Жамбыл облысының әкімі:

1. Жамбыл облысы Қордай ауданының аумағында 2020 жылдың 8 ақпаны сағат 21.00-ден бастап жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып облыс әкімінің бірінші орынбасары Б. Орынбеков тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

3. Осы шешім 2020 жылдың 8 ақпанынан бастап қолданысқа енгізіледі.

    7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болып, салдарынан 8 адам қаза тапты. 

Қазір оқып жатыр

Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады