Қор болған 140 миллион: дәрігерлерге түкке арзымайтын қорғаныс құралдары алынған

Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті 140 млн теңгеге сатылып алынған сапасыз жеке қорғаныс құралдары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE.  Бұл ақпаратты Facebook парақшасында Қайырғали Конеев жариялады. Қалалық департамент басшылығы аталған жазбаға қатысты түсініктеме берді. Олардың айтуынша, мамыр айында департамент басшысының міндетін атқарушы Әсел Халықова мен жеткізуші компания арасында құны 90 млн теңгеге дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы басқа да бұйымдар (медициналық костюмдер) сатып алу туралы келісімшарт жасалған. «Казэкспоаудит» ЖШС сынақ орталығының қорытындысына сәйкес тауарлардың сапасы техникалық сипаттамаға сәйкес келмейді. Осыған байланысты 2020 жылдың 23 қазанында департамент Алматы экономикалық сотына құқығын қорғау туралы шағым түсірді. Бұл бұйымдарды қайтару немесе жою мәселесі сот шешімінен соң қолға алынады», - деді департаменттен.

Қазір оқып жатыр

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде қалдырды

Атырау облысында өлтірілген отбасы ісі: қылмыс қашан және қалай жасалғаны айтылды

Алматы полициясы қоғамдық орында бетін тұмшалап жүргендерге ескерту жасады

Алматылықтар Розыбакиев көшесін Шахановтың атына өзгертуді сұрап петиция жариялады