Көпқабатты үйлердің бірінде ер адам өлі табылды

Павлодардағы көпқабатты үйлердің бірінен пышақ жарақаттары бар жас жігіттің денесі табылды.

Алматы, NEGE. Ер адамды өлтірді деген күдікпен 23 жастағы павлодарлық ұсталды. 

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жас жігіттің денесі Сәтбаев көшесіндегі пәтерлердің бірінен табылған.

"3 қазанда сағат 02.25 шамасында Павлодар облысының 20 жастағы тұрғынының мәйіті табылды. Кісі өлтірді деген күдікпен 23 жастағы павлодарлық ұсталды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайтынын айтты.

Айта кетейік, сотқа дейінгі тергеу "Адам өлтіру" бабы бойынша жүргізіліп жатыр, күдікті 8 жылдан 15 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады