Көпқабатты үйдің қабырғасына Батырхан Шүкеновтің суреті салынды

Ақсай қаласында көпқабатты үйдің қабырғасына белгілі әнші Батырхан Шүкеновтің суреті салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Аудан әкімінің орынбасары Алпамыс Көшкінбаевтың айтуынша, аталмыш жеті қабатты үй Халықтар достығы көшесі бойында орналасқан.

Бұдан бұрын Жеңістің 75 жылдығына орай осы көшедегі 9 қабатты үйдің қабырғасына Кеңес Одағының Батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының бейнесі салынған еді.

Мұндағы мақсат – ел тарихында орын алатын белгілі тұлғаларға құрмет көрсету. Биылғы мерейтойларға орай мурал салу идеясын аудан әкімдігі көтерсе, жергілікті КИОС компаниясы қаржылай қолдау көрсетті.

Қазір оқып жатыр

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді