Көпқабатты үйдің ауласында доп ойнаған оқушыны ұрған ақтөбелік ұсталды

Көпқабатты үйдің ауласында доп ойнаған оқушыны ұрған 32 жастағы ақтөбелік ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семей, NEGE.Полиция әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында көпқабатты үйдің ауласында ер адамның оқушыны ұрғанын анықтады. Ол өз автокөлігінің жанында доп ойнаған баланың жағасына жармасып, ұрып-соққан. «Учаскелік полиция инспекторлары оқиға қатысушысын анықтады. Ол осы үйдің 32 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдікті 9-сынып оқушысын ұрған. Бұзақылық фактісі бойынша ҚР ҚК 293-бабы1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті