Көпбалалы және тұрмысы төмен 200 отбасыға азық-түлік қоры таратылды

Қайырымдылық шарасы кәсіпкерлердің демеушілігімен қалалық сауда орындарының бірінде өтті.

Алматы, NEGE. «Сауапты іске атсалысамын деушілер болса, қатарымызға қосылуға шақырамыз», - дейді ұйымдастырушылар. Игі бастама 7 күнге жалғасады. 700 жанұяға жәрдемдесу жоспарланып отыр.

Серіктестік директорының орынбасары Мәди Қасымбекұлы: "Өзіміз осы қалада тұрғаннан кейін, осы елдің азаматы болғаннан кейін осы мекеменің басшысы Серік Бектенович Олжабековтің шешімімен 5 млн теңге бөліп отырмыз. Әрине, қазір барлығымызға оңай емес. Бұл барлығымызға келген сын. Осыны барлығымыз бірлесіп жеңуіміз керек" деді.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді