Көпбалалы отбасы үйлі болды

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында жергілікті кәсіпкер бес балалы отбасыға баспана алып берді.

Алматы, NEGE. Шақпақ елдімекенінің тұрғыны Гүлмира Сейілбекованың бұған дейін өзінің жеке үйі болмаған.

Көп балалы ана жылдар бойы 5 баласымен табылған баспананы паналап келген.

Осыны ескерген жаны жомарт жандар Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының 30 жылдығына орай және «Зекет» корпоративтік қоры арқылы 4 бөлмелі үйдің кілтін табыс етті.

Игі шараға «Асқар-Тау» шаруа қожалығының төрағасы Асқар Оразханұлы демеушілік танытты.

Қайырымды жандардың жомарттығына риза болған көпбалалы ана алғысын білдірді.Өздеріне берілген тұрғын үйдің мектеп пен балабақшаға және спорттық алаңшаға жақын орналасқанына ерекше қуанышын жеткізді.

Айта кетейік, Бәйдібек ауданында биыл осымен үшінші отбасыға демеушілер есебінен үй беріліп отыр.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді