Көпбалалы отбасы 2020 жылы қанша жәрдемақы алады?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов депутаттар мен БАҚ өкілдеріне атаулы әлеуметтік көмек берудің жаңа тетіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Алматы, NEGE. "Парламент Мәжілісі АӘК ұсынудың қолданыстағы жүйесін өзгертетін заң жобасын қабылдады, оның негізгі бағыты – еңбекке ынталандыру, табысы аз азаматтардың кірістері мен мемлекеттік қолдау көлемін есепке алудың ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету. Ұсынылған шаралар кешенді түрде жүзеге асырылады, мемлекеттік көмек: көпбалалы отбасыларды қолдау, жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балаларға кепілдендірілген әлеуметтік топтама кіреді", – деді Біржан Нұрымбетов.

2020 жылы 1 қаңтардан бастап заң жобасында кәмелетке толмаған балаларының 4 және одан да көп балалары бар отбасыларға немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөліміне ақы төлеу көзделген. Бұл жәрдемақы отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде: 4 баламен – 42 496 теңге; 5 баламен – 53127 теңге; 6 баламен – 63 757 теңге; 7 және одан көп баламен – 74 388 теңге көлемінде тағайындалады.

Министрдің айтуынша, кепілдідендірілген әлеуметтік топтаманы ұсыну шеңберінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі табысы аз отбасыларының балаларын азық-түлік жиынтығымен және гигиеналық құралдармен, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды мектептерде ыстық тамақпен, оқу құралдарымен және мектеп киіммен қамтамасыз ету ұсынылады, сондай-ақ оларға мектепке дейінгі жол жүру шығындары өтеледі.

"Медициналық, оның ішінде стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін болады", – деді министр.
 

Қазір оқып жатыр

Әскерде тағы бір сарбаз мерт болды

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі