30 июля 2021 г. 15:41

Көпбалалы аналар «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталды

Фото:

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында 439 «Алтын алқа» және 1300 «Күміс алқа» иегері бар.

Шымкент, NEGE. Алтын құрсақты аналардың қатары тағы да толықты. Әл-Фараби ауданы әкімі Рашид Мамытұлы ауданның көп балалы аналарымен кездесіп, 3 ананы « Алтын алқа», 12 ананы «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапаттады.

«Еліміздің демографиялық ахуалын жақсартуға қосқан сүбелі үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз! Әр адамның арманы- баласын биіктен көру. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңыз еліміздің нағыз патриоты боларына сеніміміз мол. Баршаңызға мықты денсаулық, мызғымас береке-бірлік тілеймін. Отбасыларыңыздың ұйытқысы болып, ақ жаулықты әже атаныңыздар»,-деді Рашид Мамытұлы құттықтау сөзінде.

Тегтер: