Көп ұйықтау да зиян

Колорадо университетінің ғалымдары аз ұйықтаудың да, көп ұйықтаудың да зиян екенін дәлелдеді. MedicalXpress журналы ғалымдардың зерттеуін жариялады. Сонымен, қанша сағат ұйықтау керек?

Алматы, NEGE. Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, сіз денсаулығыңызға көңіл бөліп, спортпен айналыссаңыз да, егер аз ұйықтасаңыз, жүрегіңізде кінәрат пайда болуы мүмкін. Аз ұйықтаған адамдардың жүрек талмасына ұшырау қаупі 20 пайызға артады. Ғалымдар жеті жыл бойы 40 пен 69 жас аралығындағы 461 мың адамды тексеріп, осындай қорытынды жасады. Ал енді көп ұйықтайтын адамдар ше?

Көп ұйықтау да зиян. Тәулігіне тоғыз сағаттан көп ұйықтайтындардың ағзасы әлсіреуі мүмкін екен. Ендеше, адам жақсы демалып, сергек тұруы үшін алты сағат пен тоғыз сағатқа дейін «мызғып алса» жеткілікті.   

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты