«Көп қан кетсе жағдай қиын болар еді» – Ләйлә Сұлтанқызы FlyArystan әуекомпаниясының үстінен арыз түсірді

Бұл туралы Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

инстаграм парақшасынан

Алматы, NEGE. Ләйлә Сұлтанқызының айтуынша, жанындағы жолаушының абайсыздығынан бетіне үстіңгі сөреде тұрған ауыр зат құлаған. Ал әуекомпанияның қызметкерлері алғашқы көмек көрсетуге дайын болмаған. 

«Бүгін кешкі 21:50 шамасында KC7326 рейсімен Шымкенттен Астанаға ұшып келдім.  Ұшақтың есігі ашылмай, тұрып кеткен жанымдағы жолаушының абайсыздығынан бетіме үстіңгі сөреде тұрған ауыр (қатты) зат, отырған маған құлап, көзімнің тұсын жырып, қабағым жарылды. Бұл @flyarystan әуекомпаниясы қауіпсіздік шарасын сақтамағандықтан орын алған жағдай. Бордсеріктер мен әуекомпанияның алғашқы көмекке дайын емес болғанына қапа болдым! Не аптечка, не мұз, не суық зат, не қан тоқтатын, не салфетка жоқ. Меніңше, орнымда бала, қарт адам отырып, басы жарылса, қатты жараланса, миы шайқалса, көп қан кетсе жағдай қиын болар еді. Жауапсыздық! Әр бортсерік жолаушы мініп-түскенше адам денсаулығына жауапты, алғашқы көмек көрсетуге міндетті!», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы. 

Қазір оқып жатыр

Жамбылдағы сарбаз өлімі: рота командиріне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Үкіметте әкімдіктерден ТКШ саласындағы «қызыл аймақты» толық жою талап етілді

Астанада Tesla тізгіндеген 14 жастағы оқушы полициядан қашпақ болды

Құлыбаевпен байланысты компанияның бір бөлігі аукционда 36 млн теңгеге сатылды