Концерттерге жалған билеттер сатылуда – ІІМ

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға концерттер мен бұқаралық іс-шараларға билет сатып алу кезінде алаяқтардан сақ болуға шақырады.

freepik.com

Астана, NEGE. Интернетте билеттерді сату немесе алып-сату бойынша күмәнді ұсыныстар кездесуі мүмкін, деп хабарлайды Polisia.kz.

Интернет желісінде концерттер мен бұқаралық іс-шараларға билеттерді сатып алу немесе алып-сату бойынша жалған хабарландырулар, сондай-ақ делдалдардан ұсыныстар кездесіп жатады.

«Алаяқтар билеттерді сатып алуға көмек ұсынады немесе оларды үстеме бағамен сатады. Одан бөлек, жалған билеттер таратуы да мүмкін. Оларға сенген адамдар ақша аударып, соңында билетсіз қалуы ықтимал», – делінген ІІМ хабарламасында.

Полиция қызметі кез келген іс-шараға билеттерді тек ресми әрі тексерілген жерлерден сатып алуды ұсынады.

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады

KAZ Minerals шахтасында тау жынысы опырылып, жұмысшы қаза тапты

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?