Контрабандалық жолмен 400 мың қорап темекі кіргізбек болды

Қазақстанға Қырғызстаннан шамамен 400 мың қорап контрабандалық

темекі кіргізбек болған, деп хабарлады ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. «2020 жылғы 11 маусымда Қазақстан шекарашылары «Қарасу» автомобиль бекетінде (Жамбыл облысы) Қырғызстаннан Қазақстанға ірі темекі партиясын (шамамен 400 000 пачка) контрабандалық жолмен кіргізудің алдын алды. Ұйымдастырушылар темекі бұйымын тауық еті тиелген жүкке жасырған. Темекіге рұқсат құжаттары мен акциз маркалары болмай шықты», - делінген жұмадағы хабарда.
Ведомствода атап өткендей, бұл Қырғызстан аумағынан тауар-материалдық құндылықтарды заңсыз шығарудың алғашқы көрінісі емес екенін атап өту керек.
«Ұсталған темекі партиясы Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырылды», - делінген хабарда.

 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр