Контент үшін: Шымкентте көлігін шыршамен безендіргендер жауапқа тартылды

Жаңажылдық шыршамен және гирляндалармен безендірілген иномаркаларды ЖБО-ның бейнебақылау инспекторлары байқады, деп хабарлады Полиция.

Алматы, NEGE. Осындай безендірулермен Porsche Panamera, Toyota Camry, Lexus ES, Mercedes-Benz және Hyundai Elantra көліктері Қонаев даңғылымен Бәйдібек би бағытында жүріп бара жатқан. Автомаскарадты жедел жеткен патрульдік полицейлер тоқтатты.

Жүргізушілер өз әрекетін жол қозғалысы қағидасының тармағын білмегендік деп ақтағысы келді. Алайда заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды: құқық бұзушыларға ӘҚБтК-нің 590-бабы бойынша хаттама толтырылып, көлік айыптұраққа жеткізілді.

Белгілі болғандай, жігіттер бұл әрекетке әлеуметтік желідегі контент үшін барған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді