Конституция жобасын әзірлеу жұмыстары біраз уақытқа созылды – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция жобасына қатысты референдумда дауыс бергеннен кейін журналистерге арналған брифинг өткізді.

Ақорда

Астана, NEGE. «Время» газетінің тілшісі әлемдік тәжірибеде конституциялық реформа ұзақ уақытқа созылатынын, ал бізде жаңа Конституцияны дайындауға және талқылауға аз ғана уақыт кеткенін, мұны халықаралық байқаушылар сынға алғанын айта келе, Президенттің осы тұрғыда пікірін сұрады.

«Бұған дейін айтқанымдай, Конституция жобасын әзірлеу жұмыстары біраз уақытқа созылды. 2022 жылы Конституцияға өзгерістер енгізілгені өздеріңізге мәлім. Сол кездің өзінде жаңа Конституция қабылдауға болар еді. Бірақ біз ондай қадамға бармадық. Дегенмен жаңа Конституция қабылдау туралы идея пайда болды. Шамамен екі жыл бұрын іске кірістім. Елімізге жаңа Конституция қабылдау керек деген ұйғарымға келдім», – деп жауап берді бұл сұраққа Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл Конституция елімізді ілгерілетініне ешқандай күмән келтірмейтінін атап өтті.

«Біз көштен қалмай, прогрестің алдыңғы шебінде жүруіміз керек. Озық ел болсақ, басқа мемлекеттер бізге құрметпен қарайды. Ел тағдыры өз қолымызда. Сол үшін табанды еңбек ету керек. Алдымызда тұрған ең үлкен мақсат – осы», – деді Президент.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан №51 референдум учаскесінде дауыс берді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады

«Таңдауым ешқашан өзгермейді»: Назарбаев Тоқаев жайлы пікір білдірді

Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді