Конституция жобасы бойынша eGov және e-Otinish арқылы 4 мыңнан аса пікір келіп түсті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады.

Ақорда

Астана, NEGE. Эльвира Әзімова халық қарауына ұсынылған жаңа Ата Заң жобасы жөнінде баяндады. Оның айтуынша, eGov және e-Otinish порталына жұртшылық тарапынан келіп түскен ой-пікірлер саны 4 мыңнан асқан.

«Азаматтар жобаны бүгінгі талап-тілектер мен қоғам мүддесіне сай келеді деп таниды. Саяси партиялар, республикалық және өңірлік қоғамдық ұйымдар жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді», - делінген Ақорданың хабарламасында.

Президент Конституциялық комиссия жұмысы ашық форматта жалғаса беруге тиіс екенін атап өтті. Бұл азаматтардың талқылау барысынан хабардар болып, жоба мазмұнымен егжей-тегжейлі танысуына мүмкіндік береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев сарапшылар мен қоғам өкілдері жолдаған ұсыныстардың барлығын жіті талдауды тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр