Конор МакГрегор Хабиб Нурмагомедовке көңіл айтты

UFC экс-чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор  ұйымның жеңіл салмақтағы чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедовке әкесінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Aлматы, NEGE. 3 шілдеде Хабибтің әкесі Абдулманап Нурмагамедов Мәскеудегі ауруханалардың бірінде көз жұмған еді. 

"Әкеңді, бапкеріңді және спорт жанкүйерін жоғалттың. Көңіл айтамын. Жатқан жерің жайлы болсын, Абдулманап Нурмагомедов", - деп жазды МакГрегор Twitter желісіндегі парақшасында.