Конькиші Надежда Морозова Олимпиаданы 13-орынмен аяқтады

Бейжіңдегі өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасында конькишілер мұз айдынға шықты.

Алматы, NEGE. Коньки бойынша Қазақстан құрамасынан Надежда Морозова бірінші болып жарысқа түсті. Ол әйелдер арасында 3000 м қашықтықты 4:04.97 уақытта жүгіріп өтті. Осылайша, отандасымыз жарысқа шыққан 30 спортшы ішінде 13-ші орынға тұрақтап, жүлдегерлер қатарынан көріне алмады. Дегенмен ол осы көрсеткішімен Қазақстан рекордын жаңартты. Естеріңізге сала кетейік, жарыстарды отандық «Хабар», «Qazaqstan», «Qazsport» және «Elarna» телеарналары тікелей эфирден көрсетіп жатыр. XXIV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасынан барлығы 34 спортшы қатысуда. Олар 87 жолдама жеңіп алды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр