Конькиші Иван Аржаников 500 м қашықтық бойынша сынға түсті

Бейжіңде Олимпиада ойындары аясында конькимен жүгіру спорты бойынша ерлер арасында 500 м қашықтықта жарыстар аяқталды.

Алматы, NEGE. Аталған санат бойынша жарыс жолына Қазақстан сапынан Иван Аржаников қатысты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық конькиші Иван Аржаников тиісті қашықтықты 35.82 уақытта жүгіріп өтті. Жарыс қорытындысы бойынша ол 28-ші орынға жайғасты. 

Айта кетерлігі, Иван Аржаников ерлер арасында 1000 м қашықтық бойынша да сынға түседі. 

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады