Конькимен жүгіруден спортшыларымыздың нәтижесі қандай?

Польшаның Томашув-Мазовецкий қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогінің бірінші кезеңі өтіп жатыр. Olympic.kz қазақстандық спортшылардың көрсеткішін назарларыңызға ұсынады.

Алматы, NEGE.  Ерлер арасында 500 метрге жүгіруден В дивизионында сынға түскен Александр Кленко 26-шы орын иеленді. 

Әйелдер арасында 500 метрге жүгіруден В дивизионында сынға түскен Екатерина Айдова 6-шы нәтиже көрсетті. 

Ал әйелдер арасында 3000 метрге жүгіруден  В дивизионында бақ сынаған Надежда Морозова жапондық Мисаки Ошигириге есе жіберіп, екінші орыннан көрінді.