Қоңқабаев WBA рейтингінде төртінші сатыға көтерілді
Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев WBA Gold белбеуін жеңіп алғаннан кейін Бүкіләлемдік бокс ассоциациясының (WBA) рейтингінде төртінші сатыға көтерілді, – деп хабарлайды Vesti.kz сайты.
Алматы, NEGE. 2021 жылдың желтоқсан айында Қоңқабаев ұлыбританиялық боксшы Стивен Уордпен (13-2, 4 КО) кездесіп, жеңіске жетті. Бұл айқаста отандасымыз бірінші ауыр салмақта WBA Gold жеңіп алды.
Осы жекпе-жектен кейін Қамшыбек WBA рейтингінде 9-орыннан 4-сатыға көтерілді. Ал аталған салмақтың үздік үштігінде (25-2, 23 КО), Алексей Егоров (11-0, 7 КО) және Баду Джек (25-3-3, 15 КО) жайғасқан.
Еске салайық, Уордпен кездесу Қоңқабаев үшін Олимпиада ойындарынан кейінгі бірінші айқасы болатын. Токиодағы ойындарда ол қола жүлде иеленген еді. Кәсіпқой бокста қазақстандық боксшы төрт кездесу өткізіп, барлығында мерейі үстем болды.