Көне қалашықтың бір үйі ежелгі қалпына келтірілді

Зертеушілер Жанкент қалашығының ішіндегі үйдің бірін ежелгі қалпына келтіріп, қайта жандандырды, – деп хабарлайды Қызылорда облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы.

Алматы, NEGE. Жанкент қалашығы – Қазақстанның ортағасырлық тарихын, соның ішінде түркі-оғыз тайпаларының тарихын зеттеуде тірек ескерткіш болып табылады.

Бұл ескерткішті 2005 жылдан бері «Халықаралық Жанкент археологиялық экспедициясы» зерттеп келеді.

Археолог, тарихшы, остеолог, топырақтанушы, архитектор, геофизик, т.б. ғалымдардан құралған экспедиция кешенді археологиялық және пәнаралық зерттеу әдісін пайдаланып келеді.

Айта кететін жайт, облыстық бюджет есебінен Жанкент қалашығындағы қазба жұмыстары 2014 жылдан бастап Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығы тарапынан жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған