Кондуктор автобустан құлап, қайтыс болды

Ақтөбе облысы Полиция департаменті 15 мамыр күні болған жол-көлік оқиғасының куәгерлерін іздейді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Айта кетейік, 15 мамыр күні сағат кешкі 17:15-те “Паз” маркалы №11 автобус Пацаева көшесі бойындағы “Әкімдік” аялдамасынан қозғалар кезде, жабылмай қалған алдыңғы есіктен автобус кондукторы құлап кеткен. Ол бас жарақатын алған. 24 мамыр күні кондуктор Жедел жәрдем ауруханасында көз жұмды. Автобус салонында 20-25 жолаушы болған. Жол-көлік оқиғасының куәгерлері мен ол туралы білген-көрген адамдар болса, 936-403, 936-408, 8 777-353-24-10, 8 702 226-44-03 ұялы телефондарына хабарласуыңызды немесе Ақтөбе облысы ПД Анықтау басқармасына №403 кабинетке жолығуыңызды сұрайды.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды