Қонаевтағы «разборка»: Күдіктілер ұсталды

Қонаев қаласында жастар жаппай төбелес ұйымдастырмаққа оқталып, қала көшелерінің бірінде көліктерін қаңтарып қойып тұрған. Сол сәтте оларды басқа көлік келіп соғады.

видеодан стоп-кадр

Қонаев. NEGE. Алматы облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, «адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша күдіктілер ұсталды. 

«Бұл дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның ізін суытпай, екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді полиция.

Оқиғаның видеосы кеше әлеуметтік желіде жарияланды. Видеодан байқағанымыздай, көше қиылысындағы адамдарды жеңіл көлік бар жылдамдығымен келіп соғады, бір адам бірнеше метр жерге ұшып түседі.