Қонаевта жаңадан төселген асфальтқа көлік түсіп кетті

Қонаев қаласында жаңадан төселген асфальт опырылып, ішіне көлік түсіп кетті, деп хабарлады Stan.kz.

Алматы, NEGE. Оқиға орнынан түсірілген суреттен жаңадан төселген асфальттың опырылып, жер шұңқыр болып қалғанын анық көруге болады.

"Бұл жағдай суық су құбырының жарылуы себебінен болды. Қазір жол қалпына келтіріледі",- деді Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің өкілі Ғалымұрат Жүкел.