Қонаевта перзентханадан шыққан кортеж жүргізушілері жол ережесін бұзғаны үшін куәлігінен айырылды

Қонаев қаласының соты Алматы–Өскемен тасжолында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған кортеж жүргізушілеріне қатысты шешім шығарды.

Полиция

Алматы, NEGE. Естеріңізге сала кетейік, желіде бірнеше көліктің өзге жүргізушілердің жолын бөгеген сәті түсірілген видео тараған еді.

Полицейлердің анықтауынша, жол ережесін бұзушылар Қонаев қаласындағы перзентханадан Арна ауылына бара жатқан. Кортеж қатысушыларының бірі 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынса, тағы үшеуі бір күннен қамауға алынды. Төртеуі де бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Ал тағы екі қатысушыға айыппұл салынды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді