Қонаевта кәріз құдығына түсіп кеткен жылқы құтқарылды

Қонаевтың патрульдік полицейлері қиын жағдайға тап болған жылқыны құтқарып, нағыз батылдық пен кәсібилік танытты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Видео-скрин

Алматы, NEGE. Алматы облысы орталығының жеке тұрғын үй секторларының бірін патрульдеу кезінде «Бүркіт-253» ППВ полицейлері ашық тұрған кәріз құдығына құлап қалған жылқыны байқады.

Жағдайдың күрделілігін бағалай отырып, полицейлер жақын маңдағы патрульдік жасақты көмекке шақырды.

Құтқару операциясы оңай болған жоқ: жануардың салмағы мен көлемі жұмысты айтарлықтай қиындатты. Алайда, Ернар Омаров пен Айбек Тұрсыновтың құрамындағы «Бүркіт-253» ППВ, сондай-ақ Дархан Есімханов пен Серік Ордабаевтың құрамындағы «Бүркіт-261» патрульдік полиция взвод іс-қимылдарының арқасында жылқы аман-есен құдықтан шығарылды. Барлық жұмыстар жануарға зиян келтірмеу үшін аса мұқият орындалды.

Құтқару операциясы нәтижесі сәтті аяқталып, жылқы иесіне табысталды, өз кезегінде ол полицейлерге алғырлығы және жеделдігі үшін ризашылығын білдірді.

– Біз тәртіпті сақтау үшін ғана емес, мұқтаж жандарға да көмек көрсету үшін қызмет етеміз. Осындай сәттерде біздің жұмысымыз адамдарды қорғау ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі қорғай алмайтындарға көмектесу екенін түсінеміз, — деп бөлісті Ернар Умаров.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?