«Қонаев-Күрті» тас жолы жаңарып, қозғалыс қауіпсіздігі артады

Алматы облысында республикалық маңызы бар «Қонаев-Күрті» тас жолының 0-67 шақырымдық учаскесінде қайта жаңарту жұмыстары жүріп жатыр.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Қонаев-Күрті» тас жолының 0-67 шақырымдық учаскесінде қайта жаңарту жұмыстары  жүргізілуде. 

- Мердігер ұйым – «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС
- Инженерлік қызмет – SP «Egis International» және «CS Consultants»
- Жобаның ұзындығы – 67 шақырым

Қазіргі нәтижелер:
- 66,7 км екі жолақты жол толық аяқталды
- 40 км жолдың негізі дайындалды
- 36 км асфальтбетон қабаты төселді
- 21 км қиыршық мастикалық асфальтбетон салынды.

Жолдың аталған бөлігін 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Жұмыс барысы «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» филиалының тұрақты бақылауында. Жыл басынан бері нысанға 3 тексеріс жүргізіліп, 24 құрылыс материалы сынақтан өткенін де қоса кетейік. Оның 9-ы талапқа сәйкес болмай шыққан. Қазір мердігер ұйым кемшіліктерді жоюға кірісті.

Аталған жоба өңірдегі қозғалыс қауіпсіздігін арттырып, көлік қатынасын айтарлықтай жақсартуға сеп болмақ.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандай бастады

Назарбаев университеті пәтерінде табылған қару-жарақ: қылмыстық іс қозғалды

Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы «Дикий Арманмен» дос болғанын растады

Астанада LRT-нің Қосшы бағытындағы екінші кезеңінің құрылысы басталды