Қонаев қаласында ретрокөліктер шеруі өтті

Қонаев қаласының құрметті азаматы, белгілі кәсіпкер Мұрат Сіргебаев республикалық референдум күні ерекше бастама көтеріп, ретрокөліктерден құралған автошеру ұйымдастырды.

Аслан Кажекен

Астана, NEGE. Қала көшелерімен жүріп өткен сәні келіскен көне автомобильдер көпшіліктің назарын аударды. Сирек кездесетін ретрокөліктерді көрген тұрғындар қызыға қарап, суретке түсіп, ерекше әсер алды. Көпшілік үшін бұл күн тек маңызды саяси оқиға ғана емес, сонымен бірге көтеріңкі көңіл күй сыйлаған мерекелік сәтке айналды. 

Айта кету керек, Мұрат Сіргебаев – қалада өз кәсібін табысты жүргізіп отырған ірі кәсіпкерлердің бірі. Ол қайырымдылық шараларына белсенді қатысып, шаһардың қоғамдық өміріне тұрақты түрде үлес қосып келеді. Сонымен қатар қаладағы ерекше нысандардың бірі – ретрокөліктер музейінің негізін қалаған.

«Бүгін мен республикалық референдумға келіп, өз дауысымды бердім. Кәсіпкер ретінде еліміздегі тұрақтылық пен заң үстемдігі бизнестің дамуына тікелей әсер ететінін жақсы түсінемін. Мемлекетіміздің дамуына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын кезде бәріміздің жұмылғанымыз дұрыс», – деді Мұрат Сіргебаев.

Алматы облысында жалпы саны 677 референдум учаскесі ашылды. Оның ішінде ауруханалар, әскери бөлімдер мен әлеуметтік орындарда 36 учаске жұмыс істеп тұр. Дауыс беру процесін жүргізуге тартылған 4781 маманның барлығы арнайы оқудан өтіп, дайындықтарын пысықтады. Сондай-ақ 16 қоғамдық ұйым өкілі бақылау жүргізуде.

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Опера» театрында дауыс берді

Маңғыстаулық волонтерлер референдумға баратын қарт адамдарға көмек көрсетуде

«Мен еліміздің өсіп-өркендеуі үшін дауыс бердім»: Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев референдумға қатысты