Қонаев қаласында газ беру уақытша тоқтатылады

Қонаев қаласында 20-23 тамыз аралығында газ беру тоқтатылады, деп хабарлайды "Қапшағай аумағының газ желілері" ЖШС өкілдері.

egemen.kz

Алматы, NEGE. Мекеменің ақпаратына сәйкес, газ беруді уақытша тоқтату Абай көшесінің жолын жөндеу жұмысымен, сондай-ақ үлкен қысымды газ желісін жаңғыртумен байланысты.

"Газ құбырының жаңа желісін қолданыстағы желіге ажыратпай қосуға мүмкіндік жоқ. Үш күн бойы №1,2,3,4,5, Восточный, Гүлдер, Спутник, Арна, Рауан, № 18,19,20 ш/а-да және Железнодорожная көшесінде көгілдір отын беру тоқтатылады немесе кей аудандарда газ қысымы төмендеуі мүмкін", - дейді ЖШС өкілдері.

Мамандар көгілдір отынды барынша ертерек қосуға тырысатындарын айта кетті.

"Уақытша ыңғайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз", - дейді мекеме өкілдері. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр